Мектебімізде, “Ұлағатты Ұрпақ” жобасы аясында 1- сынып оқушылары арасында «Ғажайып әлем» суреттер байқауы өткізілді. Әр сыныптан оқушылар қатысып, өздерінің тақырыпқа байланысты суреттерімен таныстырып, баяндап берді. Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру, сондай – ақ , өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу болып саналады. Оқушылар бұл байқауда өздерін жаңа шығармашыл қырынан көрсете білді. Бұл байқауда 1 “Г “сынып оқушысы Әбікен Аяулым бас жүлде иегері атанды. Қалған қатысушылар жүлдері орындар мен номинацияларға ие болды. Құттықтаймыз!!!
ВИДЕО КӨРУ