Меню KDT

Новости

Главная Новости

Құқық фракциясының төрайымы Мәнсүр Кенжегүл “Терроризм актісі жөнінде жалған хабарлама” туралы 7-11 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді.

18.01.2024 жылы Құқық фракциясының төрайымы Мәнсүр Кенжегүл “Терроризм актісі жөнінде жалған хабарлама” туралы 7-11 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді.
Жалған терроризм – жай бұзақылық емес, қоғамдық тәртіпке қол сұғатын қауіпті қылмыс. Әрбір жалған қоңырау немесе хабарлама бейбіт тұрғындар арасында үрей тудырып, маңызды кәсіпорындардың жұмысының тоқтауына себеп болады.
Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген (Қылмыстық кодекстің 273-бабы “Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау”).Әртүрлі деструктивті топтарда балалар белгісіз адамдардың ықпалына түсіп, өздерінің жеке деректерін, телефон нөмірлерін, электрондық жәшіктердің мекенжайларын беріп қояды.
Бұл қылмыс түрі үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Сонымен қатар сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуге жатады. Егер мұндай әрекетті кәмелетке толмаған бала жасаған жағдайда залалды өтеу оның ата-анасына немесе заңды өкілдеріне жүктелетінін ескертілді.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны