1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арнап «Біз бақытты баламыз» атты іс шаралар ұйымдастырылды. Іс шаралар барысында «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» атты асфальқа сурет салу сайысы 3-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Мақсаты балалық шақтың мекені болған елін, жерін, Отанын сүюге тарту болып табылды. «Әлемде талай қызық бар» танымдық квест ойынында 2 сынып оқушылары қызыққа толы сұрақтар желісімен жұмбақ сұрақтардың жауаптары айқындалып отырды.Жеңімпаз әрі алғыр оқушылар жасырын тапсырмалардың жауабын дұрыс тапқандығы үшін сйылықтарға ие болды. 4 сынып оқушыларына «Жүзден жүйрік» ойын өткізілді. Ойын бірнеше «Блиц», «Тұлғалар бейнесі», «Таңғажайып дүние», «Эрудит» айналымынан құралды. Балалар осы ойында жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімделген жаттығулар орын алды. Мақсаты балалардың шығармашыл, дарынды, озық болуға тәрбиелеу еді. Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті.
ВИДЕО КӨРУ