Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Жасөспірімдердің қауіпсіздігі – басты назарда»

Профилактикалық іс-шара: «Жасөспірімдердің қауіпсіздігі – басты назарда»

Астана қаласы №60 мектеп-лицейінде 5 сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың, буллингтің және кәмелетке толмағандар арасындағы жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Астана қаласы Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкінің және Сарыарқа ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.

Полиция қызметкерлері оқушылармен кездесу өткізіп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында дәріс оқыды. Сонымен қатар, өмірде орын алған нақты жағдайлар туралы бейнероликтер көрсетіліп, жасөспірімдерді теріс мінез-құлықтан аулақ болып, заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырды.

Мұндай шаралардың басты мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектеп ұжымы мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны