Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «8 минуттық кітап оқу» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Аталған жоба білім алушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға, кітапқа деген қызығушылығын арттыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Жоба аясында күнделікті сабақ басталар алдында 8 минут уақыт кітап оқуға арналады. Оқушылар өз таңдаулары бойынша көркем әдебиет, танымдық шығармалар мен тәрбиелік мәні бар туындыларды оқып, оқыған шығармалары бойынша өзара пікір алмасады. Бұл бастама білім алушылардың сөздік қорын молайтып, ойлау қабілетін дамытып, кітаппен тұрақты жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу сауаттылығын дамыту, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, білімді де саналы «адал азамат» тәрбиелеу.
ВИДЕО КӨРУ