2022 жылдың 16-сәуір күні "Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі №54 мектеп-лицейінде өткізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы" деп жарияланғандықтан, Мұқағали Мақатаев атындағы № 74 мектеп – гимназиясының ағылшын тілі бірлестігінің он күндігінде жас дарындылардың мәдени және шығармашылық әлеуетін насихаттау мақсатында «FLASHMOB» би жарысын ұйымдастырды. Жас өрендеріміздің шығармашыл тұлға болып қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін бұл іс-шара 8-11 сыныптар арасында өтті. «Мектеп - мен шабыттанатын орта» ұранымен өз орталарын тапқан жас өрендер би жарысынан жүлделі орындарға ие болды. Мұндай іс-шаралар болашақта да жалғасын табатыны сөзсіз.
ҚР Халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтың туғанына 100 жыл толып отыр.
Жазушының шығармашылығының ауқымы кең. Бірінші, көркем әдебиет, екінші-драматургия, үшінші-сын, төртінші-аударма.
Желтоқсан оқиғасында жастарды жақтап 38 минут сөйлеген азаматтық тұлғасын ұмыту мүмкін емес.
А.Байтұрсынұлы атындағы 48 мектеп-лицейінің 5 сыныбында жазушының немересі Жәниа оқиды. Сол сыныпта жазушыға арнап "Сафуан Шаймерденов-100 жаста" оқу клубы дәріс өтті. Оқу клубының дәрісін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Момынқұлова Алтын өткізді.
15 сәуір күні «Ход Конем» шахмат мектебінің қолдауымен мектебімізде 1-11 сынып оқушылары арасында шахматтан турнир болып өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының 9-сыныптар арасында өткен дебаттық турнирде мектебіміздің оқушылары Нүскен Айниса, Аспандиярова Айым ГРАН-ПРИ иегері атанды. Жетекшісі: Абдилова Жанат Турдыбаевна.

Жеңімпаздарды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз 👏👏👏
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны