Ақпараттық технологиялар пәні бойынша 4-сынып оқушыларымен өткізген ашық сабақта, АКТ бойынша бірнеше ресурстарды тиімді пайдалана отырып, сабақтың барлық кезеңдері қамтылды. Сабаққа барлық оқушы белсенді қатысты. Сайыс сабаққа келген комиссия мүшелері жоғары бағалады. Сабақты, басқа пән мұғалімдеріне шебер сабақ ретінде көрсетуді ұсынды.
Бүгін ақын Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған "Мәуелі мұра" атты қалалық сайыс өтті. "Әдебиет танытқыш" шығарма мәтінінің көркемдік құрылысын талдау номинациясы бойынша мектебіміздің 9 "Ә" сынып оқушысы Өмірбек Айым І орын, жетекшісі С.Рысбекова, "Толғауы тоқсан қызыл тіл..." номинациясы бойынша 10 "Ә" сынып оқушысы Сағынай Жаннур І орын, жетекшісі А.Байбақы, "Таза, мінсіз асыл сөз..." эссе жазу номинациясы бойынша 9 "Б" сынып оқушысы Естемес Балнур ІІІ орын, жетекшісі А.Жакыпбекова. Құттықтаймыз👏👏👏

Қазақстандағы ғылым күніне арналған іс-шаралар аясында 2022 жылдың 13 сәуірінде 6-сыныпта орыс тілі мен әдебиетінен топтарда жобалық сабақ өтті. Әр топ өз бетінше «Қазақ ғалымы және геологы Қаныш Сәтбаев», «Польша астрономы Николай Коперник», «Неміс астрономы және математигі Иоганнес Кеплер» тақырыптарын таңдады.

Мақсаты: мәтіннің тақырыбын, мақсатын немесе мақсатын анықтай отырып, негізгі ақпаратты түсіну, ақпаратты АКТ арқылы презентация түрінде көрсету, ғалымдар туралы білімдерін кеңейту.

Сабақтың критерийлері: мәтіннің негізгі идеясын анықтау, негізгі ақпаратты түсіну, мәтіннің тақырыбын, мақсатын немесе мақсатын анықтау, ақпаратты презентация түрінде көрсету және көрсету, сәйкес сөздерді таңдауға байланысты лексикалық нормаларды сақтау , қайталанудын болмауы
Оқушылар өте жақсы жұмыс жасады, үлкен қызығушылықпен және ықыласпен белсенді қатысты, мәтіндерді өз бетінше таңдады, презентация дайындады. Оқушылар алдын ала дайындалған дескрипторлар арқылы «Микрофон» стратегиясы арқылы зерттелетін тақырып бойынша білімдерін қорытындылады. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың жеке ерекшеліктерін және топпен жұмыс істеу қабілетін дамытып, ең бастысы білімдері мен дағдыларын кеңейтті.
Ғылым онкүндігі аясында өткен іс- шара атауы: «Робототехника болашақтың ғылымы»
Мақсаты: Робототехника курсы бойынша білімдерін шыңдай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сыныптар: 4- 5
Қатысқан оқушылар саны: 6 оқушы
Іс -шара 2 кезеңнен тұрды. Оқушылар команда бойынша қатысты. Әр командада - 2 оқушы.
І кезең
“RoboSumo” жарысы ойнатылды. Роботты қара сызықтан шығарып салған робот командасы ұтады.
ІІ кезең
«Қара сызықпен жүру» жарысы. Қара сызықпен жылдам жүріп өткен команданың роботы орын алады.
Осы кезеңдер бойынша жинаған ұпайларға байланысты командаларға мынадай орындар тағайындалды:
І орын - “Roboland” командасы, қатысушылары: Есенғазы Камила, Хуанбай Жансерік
І орын - “Dreamers” командасы, қатысушылары: Серік Жанерке, Асылхан Ахмедияр
2 орын - “Robot” командасы, қатысушылары: Сағынтай Аружан, Сейдихалык Сезім.
14.04.2022 күні, мектебімізде ағылшын бірлестігі мен кітапханашы Вера Абатовнамен бірлескен " Reading time " жобасы өткізілді.
Мақсаты: Ағылшын жазушыларының балалар әдебиетіне арналған туындыларын насихаттау. Оқушылар кітапханадан өздеріне ұнаған кітаптарды алып, кітаптың авторы, сипаты, кейіпкерлері туралы мәліметтерді жеткізді. Жобаның қорытындысын сарапшы топтар "READx" форматында талқылады. Жоба соңында қатысушыларға жүлделі орындар мен сыйлықтар табысталды.

2022 жылғы 15 сәуір күні мектебімізде 8-сынып қыздары арасында «Моншақтым-2022» сайысы өтті.

Ұлттық ғашықтар күні

15 сәуір – Ұлттық Ғашықтар күні. Осыған орай, 2022 жылғы 15 сәуір күні мектебімізде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мерекесі аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мектеп кітапханасында оқушылардың жақсы білім алуына барлық жағдайлар жасалған. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың " Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша жұмыс жоспары құрылып, іске асырылуда.

Осы күндері мектебіміде өтіп жатқан "Ғылым мен техника "апталығының аясында 1 Ғ сыныбының ұстазы Ұлжан Асқарқызы өз сыныбының ата-аналар мен оқушыларын біріктіре отырып қазіргі таңда өзекті болып жүрген Ауа мен Су мәселерін ғылыми тұрғыдан қарастырып, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ЗЕРТТЕУ жұмыстарын жасады. Осы арқылы ұстаз Ана мен Бала, Мектеп арасындағы сабақтастықты да көрсете алды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны