А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің ер азаматтары ұжымы 16 сәуір күні сенбілікке шықты. Ауа-райы ашық болып, мектеп ұжымы мектеп ауласында көктемгі ағаштардың түбін қопарып, жер аудару сынды жұмыстарын жүргізді. Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс, - деп есептейді мектеп қызметкерлері. – Сенбілік қызметкерлер арасында жұмыстан тыс әнгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. Бұрыннан белгілі, ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайды. Атсалысқан барша ер мұғалімдерге алғыс білдіреміз!

АБАЙ КІШІ АКАДЕМИЯСЫ

Нұр-Сұлтан қаласының барлық мектептерін қамтыған "Абай кіші академиясы" аясында әр үш мектеп бірлесіп жұмыс жасайды. Ондағы мақсат: мектептер арасындағы байланысты нығайтып, Абай мұрасын ортақ насихаттау. Осы орайда № 78 мектеп-гимназиясы, № 38 және

№70 мектеп-лицейлерімен бірігіп, алдағы уақытқа бірнеше іс-шараның жоспарын бекіткен болатын. Соның алғашқысы "Білімдіден шыққан сөз..." атты кездесу кешін 17 сәуір күні өткізілді. Кездесу кеші - ф.ғ.к., доценті, Еуразия ұлттық университетінің ұстазы, ақын Серікзат Дүйсенғазымен өтті. Кеш барысында Абай тағылымы мен мұрасының мән-маңызы, Абай, Шәкәрім, Машһұр Жүсіп арасындағы рухани үлестік тілге тиек болып, ұлт руханиятына жасаған еңбегі айтылды. Кешке қала мектептерінің ұстаздары қатысты. Кеш өз деңгейінде өтті. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын тауып, Абай мұрасын ұрпақтар игіліне жарату жолында ізденістер жасай бермек!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№78 мектеп- гимназия" КММ ТАЗАЛЫҚ - ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ,

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен №78 мектеп - гимназиясының ұстаздары сенбілікке бір кісідей жұмылып, белсене қатысты.
«Ұлы дала мұрагерлері» тәжірибелік алаң аясында «Өркениет толқынында бала мұрагерлер» тақырыбында қалалық семинар өтті.

2021 жылдың 15 сәуірінде"Астана Дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен №83 мектеп-гимназиясы бірігіп, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы білім беру мекемелері және ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептер арасында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай "Қазақтың қоңырауы" атты байқауды қорытындылап, әдеби сазды кеш өткіздік.

12 СӘУІР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №78 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып оқушыларының "Ғарыш әлеміне саяхат" тақырыбындағы сурет көрмесі

#ғарышкерлеркүні

Елордалық №35 мектеп - лицей М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайы ұйымдастырған «Таңғажайып кеңістік» атты шығармашылық онлайн-кездесуге қатысты. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының 70 білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.

1961 жылы 12 сәуірде Кеңес Одағының азаматы Юрий Гагарин әлемде бірінші рет «Восток» ғарыш кемесімен Жерді айналып өтті. Осы айтулы оқиғаның құрметіне бүкіл әлемде 12 сәуір Космонавтика күні деп атап өтіледі.

#dvoretsshkolnikov

#cosmodrombaikonur

#ғарыш

# Ғарыш

2021 жылдың 12 сәуір күні сағат 17.00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ «Ғарыштық техника және технологиялар» кафедрасының профессоры Керімбай Нұржан Нұрбергенұлымен «12 сәуір – ғарышкерлер күні» атты 10-11 сыныптар арасында онлайн-кездесу өткізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны