Нұр-Сұлтан қаласының Білім Беруді Жаңғырту Орталығы (ББЖО) мен Назарбаев Университеті маманы Н.А.Аюбаевамен 2018-2019 оқу жылында қаланың 5 көшбасшы мектептерімен қазіргі таңдағы ахуалды мәселелері LS (сабақты зерттеу) мен AR (іс-әрекетті зерттеу) аясында SHARE жобасы бастау алды. Бұл жоба іс-әрекетті зерттеуге арналған жоба, яғни оқушыларды зерттеуге бағытталған. Себебі, біздің жұмысымыз тікелей білім алушылармен байланысты. Биылғы оқу жылында жоба жалғасын тапты. Жобаға қатысу екі сатыдан тұрды:

Өтінім беру

Ұйымдық эссе жазу

Қорытынды нәтижесі бойынша біздің мектеп-лицей SHARE жобасына өткен мектептердің қатарында.

«Қайырымды істер» марафоны,аз қамтылған отбасы балаларына арналған мейірімділік челленджі аясында, №38 мектеп-лицейінің Қамқоршылар кеңесі атынан 3 отбасыға азық-түліктік көмек көрсетілді.

Наурыз мерекесін әлемнің түрлі елдері тойлайды. Біздің халқымыз да наурыз мерекесін жаңа жылдың басталуымен байланыстырып, ерекше ықыласпан қарсы алады. 22 наурыз – қазақтың төл жаңа жылы. Адамдар бұл мерекені Самарқанның көк тасы жібіп, күн мен түн теңеліп, араздасқан ағайын татуласып, ұлттық ойындар ойналып, түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылатын көктемнің шуақты мерекесі ретінде есінде сақтайды.

Нұр-Сұлтан қаласы №29 орта мектепте «Әз Наурыз!»мерекесіне орай өтілетін онкүндік бағдарламасын іске асыру аясында жүргізілген іс-шаралар легі жалғасуда.Мектеп дәлізінде киіз үй макеті қойылып,тұрмыстық ұлттық бұйымдармен жабдықталды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны