Елімізде 2012 жылы «Отбасы хрестоматиясы» деген атаумен құрылған қоғамдық қордың азаматтары сыртқы ықпалдың ырқымен үзілген дәстүрлі ұлттық тәрбие үрдісімізді қалпына келтіру мақсатында көптеген кітаптар шығарып ел игілігі үшін өлшеусіз еңбек етуде. Отбасы хрестоматиясы айдарымен шыққан кітаптардың бірі Мырзабай Сейілбектің авторлығымен шыққан «Балалықтан даналыққа» атты кітабы да бала тәрбиесіне бейжай қарамайтын көзі қарақты, көкірегі ояу көпшіліктің зор ықыласына бөленіп қайта басылып шығып жатыр.

"ЭКОЖАС" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

22 сәуір күні Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия оқушылары "Экожас" акция аясында еркітілер тобының шебер сабағына 7-8 сыныптар қатысты.

«Балаларға не оқу керек және қалай?» Мақсаты: Отбасы оқуларын қолдау және жаңғырту бағытындағы өскелең ұрпақты оқу мәдениетіне тәрбиелеу. Оқушылармен ата-аналарды кітап оқуға тарту. Оқушы жасына сай кітап оқу түрлерін таңдау арқылы әртүрлі жанрды кітаптар оқып,өз ойларын бөлісуде.
Ағылшын пәні апталығы бойынша 8-9 сыныптар арасында дебат ұйымдастырылды. Тақырыбы: Children should wear uniforms. Дети должны носить униформу. Балалар униформа кию керек. Балалар көпшілік алдына шығып, пікірлерін білдірді. Балалар екі жақты пікір калыптастырып, көпшілік алдында көсіліп сөйлеу және сыни тұрғыда ойлау шеберлігін арттыра білді.

2022 жылдың 22 сәуірінде 2-11 сыныптар аралығында "Зерде" ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен "Ғылым - ғажайып әлем" атты ғылыми жобалар сайысы өтті. Сайыс 4 бағыт бойынша: І Бағыт "Ғылыми - техникалық прогресс-экономикалық өсудің негізгі буыны" Секция: физика, техника, жер және космос туралы ғылымдар;

ІІ Бағыт "Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу" Секция: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика; ІІІ Бағыт "Таза табиғи орта - Қазақстан - 2030 стратегиясын іске асырудың негізі" Секция: химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау; ІV Бағыт "Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары" тарих, құқықтану, өлкетану, тілтану, әдебиет, ағылшын бойынша өтті. сайысқа 41 оқушы өтініш білдірді. Әділқазы алқалары әр оқушыны тыңдап, жұмыстарын саралай отырып, әділ бағаларын берді.

Жаратылыс -ғажайыптар әлемінде атты Жаратылыстану әдістемелік бірлестік пәндерінің апталығынын ашылуы өз деңгейінде өтті,9 сынып окушылары білімдерін ортаға салып ғажайып тәжірибелерімен бөлісті

Бірлескен жұмыстың тереңдігі мектеп пен кітапхана арасындағы

байланысты жүзеге асыру мақсатында "Оқуға құштар мектеп" жобасы ұстаздар арасындағы "Бірге оқимыз" «Ұжымдық оқу» атты тақырыпта өз жұмысын жалғастыруда. Ұжым ұстаздары арасында әр жиналыс сайын «Ұжымдық оқуға» уақыт бөлініп, жоба іске асырылып келеді. Шығармашылық топ құрамындағы ұстаздар кітап оқуға жетелейтін іс-тәжірибелерді жинастырып, «Педагогикалық қоржын»әдіс-тәсілдер жинағын дайындауда.

20.04.2022ж. «Ғажайыптар әлемінде» атты география, химия, биология апталығының жоспарына сай «Тұңғыш академик, әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз?»-атты ғылыми жоба байқауы өтті. Байқауға 7-8 сынып оқушылары қатысты.

12-сәуірде ғалым, геолог, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 123 жыл толды. 7-8 Оқушылар ғалымның балалық шағы мен еліне сіңірген ерен еңбегін зерттеген. Ол – Қазақстан ғылымындағы геологиялық қызметтің негізін қалаушы, Қазақ ССР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, геологиялық ғылымдар институтын құрушы.

"Менің Отаным - менің бастамам" республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінің "Жақсылық керуені"" номинациясы бойынша мектебіміздің 9в сынып оқушысы Анвар Шахрияр 3ші дәрежелі дипломмен марапатталса, 9 в сынып оқушысы Мұсабеков Нұрлыбек "Қазақстанның жеті кереметі" номинциясы бойынша 3ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушылар жетістіктерімен қуантуда.
16 сәуір күні мұғалімдер арасында БП форматта "20 ғасырдың ең керек мамандығын атайды" тақырынба дебат ұйымдастырылды. Дебат- тек зияткерлік ойын емес, , ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге үйрететін білім беру технологиясы. Оған 4 қатысушы, 2 фракция қатысты. Қоғамда барлық мамандықтардың өз алар орны бар. Мамандықтың табысты болуы оның атына немесе формасына емес, өзіңнің сол мамандықты қаншалықты игергеніңе, сол мамандықты өз орнында қаншалықты шеберлікпен пайдалана білуіңе байланысты болады. Ұйымдастырушы дебат клубы жетекшісі: Оралбаева Н.К
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны