Балалар мен жасөспірімдер арасындағы "Шаттық-2022" ашық шығармашылық қалалық байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

"Алтын медаль" 8-10 жас арасында "Халық әні номинациясы, Саменбек Елікай, жетекшісі Абиева Анаргүл Қуантқанқызы

"Күміс медаль" 12-14 жас арасында Халық аспабы (домбыра) жеке орындау Нұрланқызы Айбике жетекшісі Бегджанов Сәкен Джумабаевич
Информатика және физика бірлестігінің онкүндігі 11.04.22-22.04.22жж аралығы
Мақсаты:Информатика және физика сабақтарында оқытудың инновациялық әдістер қолдана отырып, оқушылардың қабілеті мен таным белсенділіктерін жетілдіру.
"Алтын сақа" олимпиадасының мектепшілік деңгейінен үздік нәтиже көрсеткен 4 сынып окушысы Қожағұл Алиаскар және 3 сынып окушысы
Амангелді Армандар қалалық олимпиадаға дайындығының жақсы деңгейде өткенін көрсетіп, Қожағұл Алиаскар 3 орын иеленіп Дипломмен, Амангелді Арман Грамота марапатталды.

Оқушыларымызды алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктер күтіп тұрғанына кәміл сенеміз. Білім атты теңізде еркін жүзіңдер. Бағыттарың айқын болсын!
Физика пәні мұғалімі бос орнына жарияланған конкурс нәтижесі
НАУРЫЗ ҰБТ-СЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

✓ 105 мың адам қатысты.
✓ 70% - дан астам талапкерлер - шекті балл жинады (2021 жылы-64%).
✓ орташа балл - 69
✓ максималды балл - 135
✓ қазақ тілінде тестілеуден өтті - 78,2%
✓ орыс тілінде - 21,7%
✓ ағылшын тілінде - 0,2%
✓ 72 тестіленуші - 130-дан астам балл жинады
✓ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысты - 211 (2021 жылы - 35)
✓ бейінді пәндердің танымал комбинациялары – «Математика-Физика», «Химия-Биология»

Бұдан басқа:

- биыл алғаш рет ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектеріне тапсырмаларды орындау үшін негізгі 240 минуттан басқа, қосымша 40 минут берілді;

- тестілеу аяқталғаннан кейін түлек қандай тақырыптарды білетіні, қайсысын толық білмейтіні туралы қосымша талдаулар алады. Бұл қателіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

- 2022-2023 оқу жылында IT-бағыттарға түсушілер үшін «Математика-Информатика» комбинациясы енгізілетін болады. Наурыз айындағы тестілеу барысында оны 800-ге жуық адам сынақтан өткізді;

- металдардың белсенділерін қосу арқылы, тұздың ерігіштігі кестесін жаңарттық;

- тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттерінің саны азайды. Алайда смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 99 талапкер тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды;

- биыл тестілеу «бір компьютер – екі камера – бір тестілеуші» қағидаты бойынша жүргізіліп жатыр. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 259 адам аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды;

- ҰБТ-ға кіру үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: Face ID тұлғаны сәйкестендіру, жеке куәлік және отырған адамның жеке басын анықтау.

Министрлік және ҰТО тестілеуден өткендерді ақпараттық қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Наурыз айындағы ҰБТ кезінде 500-ге жуық жазбаша өтініш электронды пошта арқылы, 2 500-ге жуық қоңырау call-орталыққа түсіп, әлеуметтік желілерде 11 мыңнан астам өтініш қабылданып, өңделді. Талапкерлердің сұрақтары негізінен тестілеуге қатысуға, жеке кабинетке кіруге, техникалық қолдауға байланысты болды

2022 жылдың 11 сәуірінде №60 мектеп – лицейде ғылым апталығына арналған іс - шаралар аясында "Қ.Сәтбаев - Ұлы халықтың Кемеңгер ұлы" атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға 9-10 сынып оқушылары, ата-аналар, сондай-ақ Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары шақырылды:

1.Жаныбекова Багдакуль Нурхатовна- Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Орыс филологиясы кафедрасының филология магистрі.

2.Козловский Артем Леонидович-PhD докторы, ҚР ЭМ қатты дене физикасы зертханасының меңгерушіс

Ерменбаева Гульжан Какимбековна-тарих ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

4.Дүкенбаева Зада Оразғалиқызы-тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.

Ғалымдардың баяндамаларында Қ.И.Сәтбаев – аса көрнекті геолог-ғалым, республикалық геологиялық қызметтің және Қазақ КСР Ғылым Академиясының негізін қалаушы, үлкен Жезқазғанды және геологиялық ғылымдар институтын құрушы деп сипатталды. Ол-Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті және одақтас елдер ішіндегі бірінші қазақ академигі. Геологиялық зерттеу мен Қазақстанның байлығы мен жер қойнауын ашу тарихының ең жарқын беттерінің бірі оның есімімен байланысты. Қ. Сәтбаев — химик, биолог, физик, дәрігермен, сондай-ақ тарихшымен, тілтанушымен және әдебиеттанушымен олардың ғылыми тілінде сөйлесе білген.

Оның құрметіне жұлдыз аталған.

Міне, Ұлы халықтың Кемеңгер ұлы - Қ.И. Сәтбаев осындай болды.

Бүгінгі кездесу жас ұрпаққа ізденістер мен ғылыми жаңалықтар ашуға ынталандырады деп сенеміз!

А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей "Ғылымға бастар жол" апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті секциясы " Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз" атты оқу клубының кезекті дәрісі өтті. Дәрісте жазушы Медеу Сәрсекенің "Қаныш Сәтбаев" роман-эссесі бойынша халқымыздың ғұлама ғалымы Қаныш Сәтбаевтың өмірінің ерекше кезеңдері мен адами болмысы, геология ғылымына қосқан баға жетпес еңбегін ұрпаққа өнеге еттік. 10 - сынып оқушылары роман-эссені жан-жақты, терең талдай алды.

Мектебіміз музейі жүлделі оралды

Таяуда "Балалар жылы" аясында Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы мен ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен өткізілген елорда мектептері арасындағы қалалық "Ең үздік мектеп музейі" байқауында білім ордамыз "Міржақып Дулатұлы атындағы 68 мектеп-гимназиясының" "Алаш жолы" субъективті музейі жүлделі ІІІ-орынды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастыруымен 11 сыныптар арасында информатика пәнінен өткен аймақтық олимпиада нәтижесінде: III орын Бекболат Өміржан, жетекшісі Сейлова Кульзира Серікбаевна
09-10 сәуір аралығында «Нұр-Сұлтан қаласының Дойбы федерациясы» қоғамдық бірлестігінің күнтізбелік жоспары бойынша «64» шаршылы дойбыдан юниорлар, жастар, әйелдер және ерлер арасында Нұр-Сұлтан қаласының чемпионаты болып өтті. Аталған жарыс Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында жоғарғы деңгейде өтті.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны