Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б. Джакеновтың 2022 жылғы ақпандағы «Бұркасын-2022» қысқы фестивалі спорттық іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу туралы жоспар-тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 20 ақпан күні «Бұрқасын-2022» қысқы фестивалі өтті.
Фестиваль бағдарламасында шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, шайбалы хоккей, белбеу күресі, қысқы шағын футбол, арқан тартыс және мотоспорт секілді жарыстар өткізілді.
№38 мектеп-лицей оқушылары да дене шынықтыру пән мұғалімі Шаяқов Серік Казтаевичтың жетекшілігімен фестивальға қатысып, жарыстарда бақтарын сынады.
«Үздік жас маман-2022» шығармашыл ұстаздар мектепішілік сайысы
20 ақпан күні Нұр-Сұлтанда Есіл өзенінде дәстүрлі «Бұрқасын-2022» қысқы фестивалі өтіп жатыр, оған екі мыңнан астам адам жиналды. «Бұрқасын-2022» фестивалі 22 мәрте өткізіліп отыр. Биыл фестиваль бағдарламасына тағы 2 спорт түрі қосылды: белбеу күресі және қол күресі. Бағдарламаға енгізілген спорт түрлері қала тұрғындарының ұсынысы негізінде іріктелді. Екі мыңнан астам қатысушы тіркелген, олардың ішінде әскери бөлімшелер де бар. Қатысушылардың жасы әртүрлі. Мысалы, шаңғы жарысына 4 жастағы балалар, гір спортына 16-18 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Мұның бәрі әр спорт түрінің талаптары мен ерекшеліктеріне байланысты. Әр жас санаты үшін медальдар мен бағалы сыйлықтар қарастырылған.
"7 балалар және жасөспірімдердің спорт мектебі" КММ құрама командасына қазақ күресінен 2005-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында іріктеу турнирінде 46 кг салмағымен І дәрежелі дипломмен Ордабай Ақжол мен 65 кг салмақ дәрежесінде және ІІ орын иеленген Зейнеғали Мұхаметқанапия және бапкері Марлен Ахтаевты жеңісетірімен құттықтаймыз.
"Жас тарлан" әскери - патриоттық орталығында, Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне байланысты ұйымдастырылған әскери - спорттық жарыс болып өтті. Осы сайыста Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің 11 "В" сыныбы мен 11 "Б" сыныбының оқушылары қатысты. Оқушылар АК - 74 автоматын жартылай бұзып жинауда және жалпы әскери қорғаныш толымын (ОЗК) киюде 2 орынға ие болды. Оқушыларымызды және АӘТД пән мұғалімі Есжанов Жақсыбай Ехсанұлын құттықтаймыз!
22 жылдың 10 ақпанында Нұр- Сұлтан қаласы №29 орта мектебінің «ЖасҰлан» ұйымының мүшелері "Мейірімділік – алтын жүрек" атты қалалық іс-шараға белсене қатысты. Мейірімділік – адам бойындағы ең ұлы қасиеттердің бірі. Ол адамдардың басқаларға жан жылуын, ізгі ниеті мен лебізін білдіруінің көрінісі. Мейірімділік – адамдар арасындағы сыйластық, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттерге негізделеді. Соған орай жоғарыда аталған іс-шара аясында жоспарланған іс-шаралар өз кезегімен жүргізілді. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері мектеп мұғалімдері мен оқушыларына жылы лебіздерін білдірді.

2022 жылдың 06-қаңтарында «Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмысын ұйымдастыру» атты педагогикалық кеңес өтті.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер тұрды:

1.Сауалнама қорытындысы (алдын ала алу)

2.Нормативтік құжаттар.

Жұмыс жоспарын құру.

Сабақта оқушыларды деңгейіне қарай оқыту (сабақтағы дифференция)

Мұғалімдердің іс-тәжірибесімен бөлісу (қандай тапсырма қолданады)

Жұмыс қорытындысын талдау.

"Астана Дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ұйымдастыруымен жалпы пәндер бойынша 9-11 сынып арасында өткен аудандық олимпиадада төрт оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Нұр-Сұлтан қаласы Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебінде, ақпан айының 18-ші жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп ұйымдастырған Төлеген Айбергеновтің 85 жылдығына арналған Байқоңыр аудандық мектеп оқушылары арасында "Бір тойым болатыны сөзсіз менің..." атты ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау байқауы өткізілді.
Әскери-патриоттық іс—шара барысында "Кенес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл" толуына арналған Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында аға ұрпақ Отан алдындағы әскери борышын өтегендерін, ол азаматтық борыш екенін жастарға түсіндіріп. Сонымен қатар сұрақтарға жауап беріп, Отанымызды қорғау маңызды қызмет деп атап өтті. Кеш соңында үлгі тұтарлық оқушылар марапатталып, көрермен ықыласына бөленді.
Техникалық шығармашылық орталығының ықпалымен Оқушылардың жобалық, құрастыру мен өнертапқыштық қабілетін арттыру мақсатында "Сәулет өнері болашақта!" байқауы ұйымдастырылды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны