Бүгін мектебіміздің директоры Күнімбала Ізтөлеуовна және әлеуметтік-педагог Ляззат Галимжановна бастаған топ ұжымы 2020 жаңа жылғы мейрамы қарсаңында көп балалы отбасы мен ерекше күтімді қажет ететін балалардың шаңырағында болды.

24 желтоқсан күні мектебімізде «Қайырымдылық - қадірлі іс» атты қайырымдылық концерті өтті. Концерт Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы оркестрінің орындауында Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйімен басталды. Сондай-ақ, мектеп-лицей директоры Гүлжан Дәрібайқызы қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып, қол ұшын беруге ат салысып жүрген демеушілерге өз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, демеушілерге мектеп-лицей директоры мен Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің атынан Алғыс хат табыс етілді. Іс-шара оқушылардың қатысуымен дайындалған концертке ұласты. Осы орайда концертке өз үлесін қосып, өнерлерін көрсеткен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясына, ерекше білімді қажет ететін балалардың пара-каратэден жетекшісі Лиза Максимовнаға, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Бержанова Аделяға және әрбір өнерпазымызға алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Биыл карантиндік шектеулерге байланысты білім ұяларында жаңа жылды тойлауға тыйым салынды.

№38 мектеп-лицейінде бүгін ерекше күн. Аяз ата мен Ақшақар оқушыларға қала әкімінің сыйлығын табыстап, келіп жеткен Барыс жылымен құттықтай отырып, оқушыларға оқуда озат болуларын тіледі.Қала әкімінің құттықтау тілегін оқып, сыйлықтарын табыстады. Кішкентай бүлдіршіндеріміз де өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Қала әкіміне деген ізгі тілектерін өлең жолдары, сурет арқылы жеткізіп, ата-аналар Нұр-Сұлтан қаласы әкіміне, Білім Басқармасына, №38 мектеп-лицей ұжымына осындай шараны ұйымдастырып, балаларына ерекше көңіл-күй сыйлағандары үшін өз ризашылықтарын білдірді.

24.12.2021 күні мектебіміздің оқушылары Амантай Әсет пен Бота Мөлдір Президент шыршасына қатысты. Аяз Ата мен Ақшақар балаларды Жаңа Жылымен құттықтады. Келген қоңақтарға оқушылар өз өлең шумақтарын арнады. Жаңа Жыл құтты болсын!

Сыйлықтар табыс етілді

2021 жыл Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей үшін жақсы жаңалықпен аяқталуда. 10-сынып лицейінің оқушылары Негметова Анель, Амангелді Ақбота Елбасының қола медалімен марапатталды. Тиісті деңгейдегі тапсырмаларды абыроймен орындаған қыздар өздерінің жауапкершілігін, жеңіске деген жігерін, бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.

Бәрекелді! Жарайсыздар! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!! Сынып жетекшісі Ахметова Ғайния Сандыбаевнаның жан дүниесі қуаныш пен мақтаныш сезіміне толы. Шәкірттерінің жеңістерін көру, өз еңбегінің жемісін сезіну – нағыз ұстаз үшін үлкен бақыт.

Құрметті біздің оқушыларымыз, біз сіздерден жаңа жетістіктер күтеміз! Барлығы өз қолдарыңызда! Болашақ бүгіннен басталады!

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында «ШАХ и МАТ» шахмат клубында 4-ші және 5-ші разрядқа арналған біліктілік турнирі болып өтті. Мектебіміздің келесі оқушылары жүлделі 2 орындарды иеленіп 4-ші және 5-ші разряд нормасын орындады:
Желтоқсанның 22 күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 7 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі 2021 жылының спорттық қорытындысын шығарды.
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні мектебімізде «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына дәріс өткізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны