Меню KDT

Новости

Главная Новости

25.11.2021

Міржақып оқулары

2021 жылғы қараша күні мектепішілік "Міржақып оқулары" өтті

24.11.2021

"Мектеп-қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ"

Бүгін N°37 мектеп лицеймен "Право" қоғамдық қоры бірлесіп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 8,9,10 сыныптар арасында "Мектеп-қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ" тақырыбында онлайн ZOOM форматта тренинг өткізілді.

Спикерлер: " Право" ҚҚ психологы - Хусаннова Жадра Хамидоллақызы және 37 мектеп -лицейнің психологы - Сыванкулова Қызғалдақ Тиышбековна болды.

Мақсаты:

* Мұғалімдердің, оқушылардың буллинг феноменіне байланысты проблеманың таралуы мен күрделілігі туралы хабардарлығын арттыру.

* Агрессивті мінез-құлықтың және көптеген көріністердің пайда болуына және сақталуына әкелетін механизмдерді түсіну деңгейін жоғарылату.

* Қабілетін қалыптастыру.

* Қорқытуға қарсы күрестегі жеке рөлдің маңыздылығын білу.

* Сыныптағы қорқыту мінез-құлқының алдын-алу және болдырмау үшін араласудың тиімді әдістерін білу.

24.11.2021

"НҰР-ОТАН" ПАРТИЯСЫ - ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ КЕПІЛІ! 24 қараша күні №37 мектеп-лицейінің ұжымдарына мектепішілік "Нұр-Отан" партиясы

"НҰР-ОТАН" ПАРТИЯСЫ - ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ КЕПІЛІ!

24 қараша күні №37 мектеп-лицейінің ұжымдарына мектепішілік "Нұр-Отан" партиясының жоспары бойынша "Нұр-Отан" партиясының бағыттарын, жаңалықтарын таныстыру мақсатында кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында "Нұр-Отан" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы бойынша еңбек етудегі тәжірибесімен бөлісіп 1 минуттық видеоролик түсіру, "Кедергісіз келешек" жобасы бойынша "Жан Шуақ" көрмесі ұйымдастырылып, онда мәдениет, спорт, кәсіпкерлік саласында жетістікке жеткен жандарды 7 аталым бойынша матапаттау. Бұл шараның мақсаты; әлеуметтік кедергілерді жоюмен ерекше қажеттілігі бар адамның проблемасына қоғамның назарын аудару болды. Ресми дерек бойынша елімізде 700 мың жуық мүгедек жандар өмір сүреді. Олардың 25% жұмыспен қамтылған. Ендігі "Нұр-Отан" партиясы 2025 жылға дейін осы көрсеткішті 30% жеткізу жоспарланып отырғанын айтылды.

Сонымен қатар "Нұр-Отан" партия мүшелігіне жаңадан келген мұғалімдер қабылданды.

Алдағы онжылдықта халқымыз бұдан да қуатты және өркендеген мемлекет болатынына біз мектеп ұжымы кәміл сенеміз!

23.11.2021

"Жас Сарбаз - Тәуелсіздік тірегі"

Бүгін ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен, жасөспірімдердің әскери-патриоттық тәрбиесін насихаттау мен дамытуға бағытталған "Жас Сарбаз - Тәуелсіздік тірегі" жобасының жабылу салтанаты өтті. Аталмыш іс-шараға Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің "Жас Сарбаз" сыныбының оқушылары қатысып, "Егемен Қазақстан" атты әнін орындады. "Жас Сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің дамуына қосып жатқан үлесі үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімі орынбасараның алғыс хатымен мектеп директоры Г.Д.Тулеуова марапатталды. "Жас Сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасының алғыс хатымен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі М.Р. Дюсембаев, "Жас Сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасының алғыс хатымен 9 "Д" сынып оқушысы Манап Ернар мен 9 "Ж" сынып оқушысы Балғожин Нұрғиса марапатталды. Сонымен қатар бүгінгі күннің басты жаңалығы 3 жыл бойы Жас Сарбаз жетекшілерімен атқарылып келе жатқан жұмыстың нәтижесінде мектебіміз "ҮЗДІК ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБ" номинациясымен марапатталды. Осы орайда Жас Сарбаз жетекшілерінің ауыз толтырып айтарлықтай еңбектеріне АЛҒЫС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!

23.11.2021

"Мың қолдар сау болсын.." атты дөңгелек үстел

С.Мауленов атындағы 37 мектеп-лицейінің 11А сынып оқушысы Жұмабаев Мағжанның "Мың қолдар сау болсын.." атты дөңгелек үстелде оқылған эссесін оқырманға ұсынбақпын. Мектебіміздің түлегі келешекте өзінің өмірін журналистика саласымен байланыстырғалы отыр. Сіздерге Алаш қозғалысының қайраткері М.Жұмабаевтің аттасы Жұмабаев Мағжанның ой толғауымен бөліскім келеді.

Мың қолдар сау болсын деп.

Мың жолдар жалғансын деп, Мен бір жолымды бердім. Мың гүлдер солмасын деп, Гүлдей жастық күнімді бердім. Мың ақын толғасын деп, Мен бір жырымды бердім" - деп жырлап өткен Сырбай ақын қан сулап аққан майдан біткен соң. Сырбай ақын шамамен 14-15 жасынан бастап өлең жаза бастады. Сол уақыттан бері сыршылдың өзі де, өлеңдері де біраз нәрседен, біраз қиыншылықтан өтті. Бірақ кейбір құрдастары, өкінішке орай, бұл азаптан өте алмады. Алайда Сырбай Мәуленовтің өлеңдері сонау соғыс жылдарынан бастап, ахуалды және көптеген жастарға, ақындарға "қолдары сау болсын деп, толғасын деп" жазып жырлаған өлең шумақтары қазіргі таңға дейін жырлануда.

Расымен, Сырбай соғысқа бара алмай қалған уақытта тыным таппай, жауынгерлерді рухтандыру мақсатында да бірқатар өлеңдер жазды. Кейін өзі де майданға бару туралы өтініш жазып, зеңбірек, граната, миналардың жарылыстарының ортасында жүріп, өз өмірін қиған жауынгерлерге арнап өкініш өлең жолдарын, тірі қалған жауынгерлерге арнап рух, намыс, жігер, үміт беру мақсатында жан жұбатарлық өлең шумақтар жазды. Соғыс біткеннен кейін өз жастарында жарқырап жүрген жастарға арнап өлең жазған. Оларға өзінің кеңесін айтып, идея беретін. Оларға алдағы өмір үшін құлшыныс берді. Бұл жөнінде ақын Мұзафар Әлімбаев: "...Бас редактордың өзі: әмбебап, нағыз газеткер, жаңалыққа ұмтылғыш, тың идея тапқыш, өзгелерге ой тастағыш, ұжымдағыларды жұмылдырғыш, кімнің қандай оңтайы бар, соған қарап кімге тапсыруды, нені жаздыруды жіті біледі. Өзі де жазғыш өлеңдегі беделінің өзі бір төбе. Басқа журналдарға да бас редактордың еңбегі ұсақ емес, ірі, көзге көрініп, көптің мақұлдануына ие болып жатады" , - дейді. Міне, осы айтылған сөзге қарап Сырбай ақынның мейірімді, талапты, үнемі қол ұшын созуға дайын тұратын, мың қолға үміт, жол бергісі келетін жан болғанын көреміз.

"Жаманға сырыңды айтпа, сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа" деген мақал жалпы дүниедегі бүкіл адамға қатысты деп айтса, мен Сырбай Мәуленовтің біріншіден өзі, екіншіден жазған өлең шумақтары, Мұзафар Әлімбаевтың айтқан сөзі куәгер болады. Дәл сол кезде сол айтқан адамды, Сырбай Мәуленов жазған мың қолдардың бірі екенін сендіріп, ақтайтын едім.

Менің ойымша, Сырбай Мәуленов өте ерекше тұлға. Соншалықты ерекше, соншалықты дана, дара тұлға бола білген ақын. Осы сыршыл атамыздың сан түрлі оқиғаға толған шығармаларын оқып жаткан кезде, ең көп әсер қалдырып, санамды мың түрлі сезімге бөлеген оқиғасы бұл - ажалдың алдында есептесетін кезде қарапайым, ержүрек, батыл қыз құтқарып алған кезі және алғысын айтқан мына бір керемет өлең жолдары еді.

«Менімен бір кірпік қақпай, Түнден бойы көз ілмедің. Кіп-кішкентай болсаңда өзің, Шіркін қандай төзімді едің. Өрт ішінен алып шықтың, Қаңсырап мен жатыр едім. Кіп-кішкентай болсаңда өзің, Шіркін қандай батыр едің." - деген өлең шумақтарында ақын кіп-кішкентай қызға, ең болмаса, жігер бергісі келді, ең болмаса кішкентай үміт, сенім бергісі келді.

Сонымен қорытындылай келе, мен осындай отты да сырлы тұлғаның есімімен аталатын Сырбай Мәуленов атындағы №37 лицей мектебінде оқитыныма мақтанамын. Себебі бұл кісінің бізге деген, жастарға деген, мейлі мыңдаған адамға өзінің асқақтаған рухын, күш-жігерін, кіршіксіз таза сана-сезімін, қайсарлық пен өрлікті байқаймыз. Сырбай - Ұлы Отан соғысына солдат боп қатысып, оның өшпес таңбасын өз бойына бірге ала келген ақын. Гүлдей жастық өмірін қиып, қан майдан шебінде жаумен арпаласып, "мың қолдардың саулығы үшін бір қолын берген" ақынның бізге берер өнегесі өте зор. Ақын шығармаларын оқу арқылы біздің бойымызда өрлік, ерлік сияқты тамаша қасиеттердің қалыптасары сөзсіз. Сол себепті ақын өзі өлсе де, оның сөзі өлмейді, өлмек те емес.

23.11.2021

Болашақ ұрпақ бойында азаматтық-патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында

Болашақ ұрпақ бойында азаматтық-патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында 19.11.2021ж. күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» коммуналдық мекемесінің АӘТД пәні мұғалімі Заманбек Бақытбек кадет сыныбының оқушыларымен бірге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық мұражайында саяхат сабағын өткізді. Басты мақсаты: саналы да сапалы білім негізінде ерік жігері, жауапкершілігі мықты, батыл, табанды, патриотттық рухтағы тұлға етіп қалыптастыру.

23.11.2021

«Білім берудің жаңғырту орталығынан»

Mектебімізде Нұр-Сұлтан қаласының «Білім берудің жаңғырту орталығынан»   келген арнайы мамандардың қатысыуымен  әдістемелік күн өтті.

23.11.2021

"Алжир" мұражайына экскурсия.

2021ж. 16-қарашада 7-8 сынып оқушылары Ақмола облысында Ақмол ауылында орналасқан АЛЖИР мұражайына экскурсияға барды.

23.11.2021

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА – 30 КІТАП

2021 жылдың 23 қарашасында Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп - гимназиясының кітапханашысы Жанар Амангазимовнаның ұйымдастыруымен «ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА - 30 КІТАП» тақырыбында бір күндік акция өтті.

23.11.2021

Бүгін мектебімізде “Бейбіт күннің батыры” атты Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған тәрбие сағаты өтті.

Бүгін мектебімізде “Бейбіт күннің батыры” атты Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арайлым Қыстаубайқызы. Кездесуге Желтоқсан оқиғасына қатысып, көзімен көрген куәгерлер Сания Асанқызы, журналист Тойбек Жұлдыз және Алпысбаев Байсағат сынды адамдар келді. Кездесу 9-сыныптар арасында ұйымдастырылды. Оқушылар сахналық қойылым әзірлеп, көкейдегі сұрақтарын қойды. Келген адамдар өздері басынан кешірген Желтоқсан оқиғасынан ой өрбітіп, әсерлі әңгіме, салихалы сұхбат жүргізді.

23.11.2021

Бүгін қараша айының 23-і тексеріс графигіне сәйкес бракераждық комиссия өз жұмысын жалғастырды

Бүгін қараша айының 23-і тексеріс графигіне сәйкес бракераждық комиссия өз жұмысын жалғастырды. Тексерудің мақсаты: санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы,оқушылардың уақытылы тамақтануы, тамақтың ыстық күйде берілуі, бекітілген стандарттарға сай болуы, қоймаларда азық-түліктің сақталу сапасы, құрамы т/б. Асхананың қызметкерлерінің жұмысқа дайындық барысы.

Комиссия мүшелері: директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары- Сатыбалдина Г.А.

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі- Рысбекова С.А

Мектеп медбикелері Нурмаганбетова Л.К. Бектасова Ж.С

Әлеуметтік педагог- Сұлтанбек А.С қатысты.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны