Жасөспірімдер арасында өткен Бокс сайысында Нұр-Сұлтан қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі 8 "Д" сынып оқушысы Халел Али жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!

15.10.2021 "Астана дарыны" және 80 мектеп-гимназиясы бірлесе отырып ақын,жазушы Сәкен Сейфуллинге арналған I- қалалық Сәкен оқулары байқауын өткізді.Байқауға мектебіміздің намысын қорғап қатысқан оқушыларымыз бас жүлде мен марапаттарды еншіледі. "Сәкеннің сыр сандығы" номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Амангелді Балнұр марапаттау қағазын алып, "Сәкеннің сырлы әндері" номинациясына бақ сынаған Джексенбай Асқар мектебіміздің абыройын асқақтатып бас жүлдені иеленді.Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз.Мол білім мен шығармашылық табыстар тілейміз!

Жетекшілері:Жанар Кудерина және Таңатар Оралхан

Нұр-Сұлтан қаласында №37 мектеп гимназиясында Республикалық форум өтті.Бұл форумға Семей, Алматы, Қарағанды қаласының «ЭКОАСАР» жобасының жеңімпаздары қатысты.

Осы Республикалық форумға Нұр-Сұлтан қаласының №29 орта мектеп оқушылары «ЭкоАсар» -үздік волонтер иегері болып 11 «А» сынып оқушылары Бөгенбай НурАхат, Смаилов Арыстан және 10 сынып оқушылары Бүркітбай Мадина және Калниязова Аружан «Алғыс хат» және төс белгісімен марапатталды.

Бүкіләлемдік тазалық күнінің мақсаты-қоршаған ортаны қорғау, тазалық сақтау. Сондықтан тазалық күніне «Жасұлан» ұйымының мүшелері мектеп ауласына ағаштар отырғызып, іс- шараға белсенді қатысты. Мектеп ауласында, таза ауада, мектеп ұжымы да өз үлестерін қосып, жұмыла кірісті. Мектеп ауласына ағаш көшеттерін әкеліп отырғызды. "Тазалық-денсаулық кепілі" - екенін әрбір қазақстандық жауапкершілікпен қабылдауы керек.

Бахтияров Асар Ғалымжанұлы 2004 жылы 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. Балабақша қабырғасында болмаса да өте алғыр əрі ақылды болды. Анасының көмегімен мектепке дейін жазуды, оқуды меңгеріп барды. Өзі сурет салуға құмар-тын. Ой-қиялынан түрлі суреттер салып, түр-түсін де шебер келтіріп бояйтын. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанып, дене шынықтырумен айналысуды кішкене күнінен жанына серік етті. Ол №29 орта мектебінің үздік оқушылары қатарынан. Барлық сабақты ынта-ықыласымен оқып, ұстаздарының мақтанышы, сыныптастарының адал досы болып, əрдайым көмектесуге дайын жүреді.

16 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№38 мектеп-лицей» КММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен дене шынықтыру пән мұғалімі Шияқов Серик Казтаевич баскетболдан 8-сынып оқушылары арасында мектепішілік жарыс өткізді. Жарысқа сынып ұлдарынан жеке команда жинақтады. Кездесулер өте тартысты, қызықты өтті. Ойынға әділ және білікті төрелік еткен мектеп-лицейіміздің дене шынықтыру пән мұғалімі Кубышев Азамат. Төрешіліктен тәжірибе жинау мақсатында, дайындығы жоғары оқушылар қатарынан төрешінің көмекшілері тағайындалды. Жарыстың қорытындысы бойынша жүлдегер командалар мен түрлі номинация жеңімпаздары марапатталды. I, II, III орындар 8 «Ғ», 8 «Е» және 8 «Г» сыныптардың командаларына берілді. «Жеңіске деген жігер үшін» - Шакен Елнар, «Үздік орталық ойыншы» - Ербол Санжар , «Үздік капитан» - Аманкелді Мирас, «Үздік доп таратушы» - Абдрахымов Алихан, «Үздік қарғаушы» - Мурзагулов Темірлан, «Үздік техника» мен «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша - Берден Нұрсұлтан марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша, 12-13 жас аралығында өткен каратэ байқауында А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің 7 «А» сынып оқушысы Пралиева Ақмаржан 1-ші орынды иеленді.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған волейбол жарысында мектебіміздің командасы, қалалық кубокта 1-ші орын иеленді.

Мектебіміздің волейбол командасын жеңісімен құттықтаймыз!

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны