Қыркүйектің 30 күні елордалық №35 мектеп-лицейінде Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларды қоғамның жалпы адамгершілік құндылықтарымен таныстыру. оқушыларды «Ұстаздар күні» мерекесінің тарихымен таныстыру, мұғалім еңбегінің маңыздылығын мойындау және құрметпен қарау,мұғалім мамандығына құрмет сезімін тәрбиелеу

2021 жылғы 30 қыркүйек күні «Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, инклюзивті білім беру» тақырыбында ата-аналармен педагогикалық консилиум өтті
Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі
Бүгін, мектебімізде Білім беруді жаңғырту орталығы мен «Оператор ӨКМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесе отырып «Менің өмірімнің экомектебі» жобасы көшбасшыларының қатысуымен «Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі» атты республикалық деңгейде семинар өткізілді. Семинар барысында ең алдымен қонақтарымызды мектеп аймақтарымен таныстыру мақсатында экскурсия жасалынып, экологиялық ашық сабақ, сынып сағаты, экологиялық қойылым және шебер сынып өткізілді. Семинар қонақтары Экология, геология және табиғатты қорғау ресурстары министрлігінің өкілі Мырзабекова Жұлдыз Еслямбекқызы, «Оператор ӨКМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің стратегиялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Хайрулла Кайраткали Сагынғалиұлы, «Білім беруді жаңғырту орталығының» басшысы Мадеев Сабыржан Маратұлы және қаламыздағы басқа да білім беру ұйымдарының басшылары болды, сонымен қатар Қарағанды, Семей, Теміртау, Петропавл қалаларынан үздік көрсеткіш көрсеткен білім ұйымдарының басшыларды да онлайн форматта қатысты.
Осы орайда мектебіміз «ЭкоАсар – игі істер науқанында» үздік көрсеткіш көрсетіп, I ДӘРЕЖЕЛІ Дипломмен және гринэйктер кітаптарымен марапатталды. Аталмыш науқанда оқушылар, мұғалімдер және ата-аналарымыздың бірлескен еңбегінің нәтижесінде 2698 ұпайға ие болдық. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Барша атсалысқан әрістестерімізге үлкен алғысымызды білдіріп, ары қарай шығармашылық табыстар тілейміз!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №38 мектеп- лицейінде қыркүйек айының 20-25 аралығында «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың ашылуы әр сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылды. Оқушылар тіл жайлы өз толғаныстарын ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен байланыстыра білді. «Кел, балалар, оқылық!» деп білімге шақырған ұлт ұстазының тілімен, бүгінде мектепте білім алып жатқан оқушыларды апталық барысында өтетін іс- шараларға белсене қатысуға, білім алуға шақырды.Апталық аясында қазақ тілі мен әдебиетінен 9 ашық сабақ, 6 сыныптан тыс мерелелік іс –шаралар өткізілді. Апталық кезінде әр сыныпта өткен ашық сабақтарда оқушылардың білім деңгейі байқалды. Ұстаздар сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологияларының «Миға шабуыл», «Еркін микрофон», «Төрт сөйлем » тәсілі, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістерін тиімді қолдана білді. Әсіресе жоғары сыныптарда өткен зерттеу, жоба қорғау сабақтары оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырды. Сыныптан тыс іс шаралар атаулы мерекелерді қамтыды. Мұқағали Мақатаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойларымен байланысты әр түрлі зияткерлік сайыстар өткізілді.Зияткерлік сайыстарға белсене қатысқан сынып оқушылары әр түрлі сыйлықтар мен грамоталармен марапатталды.

29 қыркүйек күні Білім беруді жаңғырту орталығы «Химия және биология сабағында практикалық дағдыларды дамыту. МЖБС талаптарына сәйкес химиялық -биологиялық білім беруді модернизациялау» тақырыбында онлайн семинар өткізді. Мектебімізден химия пәні мұғалімі Шетенова Ермек Нұржауаровна қатысып, қала мұғалімдері арасында тәжірибесімен бөлісті. Семинардың мақсаты: химия және биология сабағында практикалық дағдыларды қалыптастыру арқылы оқушылардың біліктілігін дамыту. Химия пәні мұғалімі Ермек Нұржауаровнаның шығармашылық еңбегіне табыс тілейміз!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№45 орта мектеп» КММ-де жол кaртaсы aясындa aқушылaрдың оқу сaуaттылығын aрттыру бaғытындa «Оқуға құштaр мектеп» жобaсы бойыншa жоспaр жaсaқтaлып, сол жоспaр негізінде мектеп кітaпхaнaсындa іс-шaрaлaр ұйымдaстырылудa

Оқушыларымызды алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин өмірімен, шығармаларымен таныстыру.

Психолог Н.Т.Мейркулова қатысушыларды тренингтің тақырыбы, мақсаты, жоспары және ережелерімен таныстырып өтті.
Тренинг барысында жас мамандар психологиялық ойын жаттығуларын орындады. «Танысу» жаттығуда қатысушылар туралы ақпарат алды, топ ішінде жағымды атмосфера құрылды, өздерінің мінез қасиеттерін танып білді.
Ұжымға бейімделу, топта психологиялық ахуалды қалыптастыру бағытында «Нұрлы жүрек», «Кел, шырқайық» ойын жаттығулары орындалды. Жас мамандармен сұхбаттасу айдарында сұрақтарға жауап алынды, тренингтен алған әсерлері бойынша бір-бірлерімен ой бөлісті, жылы тілектерін айтып өтті.

Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да – қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек.

Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын! Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл демекші.

Тілдер мерекесіне арналған бастауыш сыныптар арасында «Абайдың лирикасынан» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Осы байқауда ең үздік нәтиже көрсеткен Ертуған Нұрсәт 4 «Ә» сынып, Бурумбаева Амира 3 «Т» сынып, Жумағали Жанқожа

3 «Қ» сынып, өсимбек Сабира 2 «Т».Байқауға қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Дебaт» жобacы бойынша мектепте бекітілген жоcпaрғa cәйкеc жұмыcтaр жүргізілді

27.09.2021 жылы №29 орта мектепте мектепішілік ұланбасы сайлауы өткелі жатыр. Оқушылар арасынан 6 үміткер қатысқалы тұр. 8 «А» сынып оқушысы: Баркаев Қайрат; 9 «А» сынып оқушысы: Смагулова Жанель; 8 « Б» сынып оқушысы: Орамалова Балауса; 8« Б» сынып оқушысы: Алтынбатыр Мадияр; 8 « Б» сынып оқушысы: Алихан Салжігіт; 9 «Д» сынып оқушысы: Амедов Дидар.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны